Ағымдағы жылдың, қазан айының оныншы жұлдызы күні, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында орналасқан, №1-ші жалпы білім беру орта мектебінде, 7, 8-ші сыныптар арасындағы оқушылармен «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: Жасөспірімділерге тақырыпқа байланысты жағдайларды түсіндіру және сол жағдайлардан сақ болу.
Кездесуге СӨСҚООММ Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі: Г.Жиенбаева, Мұнайлы орталық аудандық емхана гинеколог дәрігері: Майланова Бақтыгүл Бөкенбайқызы, психолог маманы Орынбасарова Мариям Нұрлыханқызы қатысты. Г.Жиенбаева, кездесу мақсатын айтып, сауалнама жүргізіп, Мұнайлы орталық аудандық емханасының гинеколог дәрігері: Б.Майланова, жасөспірімділер арасындағы «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша толықтай мағлұмат берді.
Ал, психолог маманы: М.Орунбасарова, оқушыларға психологиялық кеңес беріп, тренинг жүргізді. СӨСҚООММ мамандары тақырыпқа сай бетшелер, бүктемелер таратып, слайд көрсетті. Мектеп оқушылары белсенді түрде қатысып, сұрақтарға жауап беру арқылы кездесудің нәтижесін көрсетті.
Қатысқан окушылар саны: 85.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
10.10.2018 жыл.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»