Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры: Шыршықбаев Айлар Елтайұлының ұйымдастыруымен,"Жастар" орталығында барлық БМСККО аға дәрігерлерінің арасында тегін дәрі-дәрмек және "Комплексті медициналық ақпараттық жүйе" атты тақырыбы бойынша апталық жиналыс өткізілді

          Ағымдағы жылдың, сәуір айының он төртінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры: Шыршықбаев Айлар Елтайұлының ұйымдастыруымен,"Жастар" орталығында, барлық БМСККО аға дәрігерлерінің арасында тегін дәрі-дәрмек және "Комплексті медициналық ақпараттық жүйе" атты тақырыбы бойынша апталық жиналыс өткізілді.

          Жалпы, жиналысқа учаскелік дәрігерлер, провизор дәрігері: Нұрбаева Меруерт Рүстемқызы, тегін дәрі-дәрмек медбикесі: Сарсенова Жанар және бас медбике: Жазықбаева Зәуре Жалғасбайқызы қатысты. 

           Жиналыс барысында, тұрғындардың, мүгедектер, тіркеуде тұрған пациенттердің тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі туралы айтылды. Аға дәрігерлерге басшы тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиімді  жауап берілді. «Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету порталы» ақпараттық жүйесінің» амбулаторлық деңгейде электрондық қызметтер тіркемесінің порталы 2013 жылдың, қаңтар айынан бастап пайдалану үстінде екені ескертілді.

           Сонымен қатар, учаскелік дәрігерлер, дәрігер-мамандар мен дигнозшылардың қызметін, амбулаторлық-емханалық қызметін кешенді жан басына шаққандағы қаржыландыруды қолдану жағдайында тұрғындарға кеңес беру-диагностикалау көмек көрсетуге жолдамалар ағынын бағдарлау бөлігінде, статистика жүргізушілердің қызметін автоматтандыру туралы да айтылды. 

         Жиналыстың негізгі мақсаты: Тұрғындардың стационарлық және стационарды алмастыратын (емханалардың күндізгі стационарлары) деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі. Медицина ұйымдарының дәрі-дәрмек формулярларына сәйкес жүзеге асырылуы мақсатында, тұрғындарды тегін-дәрмекпен қамтамасыз етілуін қадағалау. Тұрғындардың "Комплексті медициналық ақпараттық жүйе" бойынша  электронды түрде дәрігерлерге тіркеліп, барлық электронды мүмкіндіктерін пайдалануларын терең түсіндіре беруді ескерту. 

         Қатысқан адамдардың саны: 53.


         Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        14.04.2018 жыл. 

        

Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения