Ағымдағы жылдың, сәуір айының он төртінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры: Шыршықбаев Айлар Елтайұлының ұйымдастыруымен,"Жастар" орталығында, барлық БМСККО аға дәрігерлерінің арасында тегін дәрі-дәрмек және "Комплексті медициналық ақпараттық жүйе" атты тақырыбы бойынша апталық жиналыс өткізілді.
Жалпы, жиналысқа учаскелік дәрігерлер, провизор дәрігері: Нұрбаева Меруерт Рүстемқызы, тегін дәрі-дәрмек медбикесі: Сарсенова Жанар және бас медбике: Жазықбаева Зәуре Жалғасбайқызы қатысты.
Жиналыс барысында, тұрғындардың, мүгедектер, тіркеуде тұрған пациенттердің тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі туралы айтылды. Аға дәрігерлерге басшы тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиімді жауап берілді. «Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету порталы» ақпараттық жүйесінің» амбулаторлық деңгейде электрондық қызметтер тіркемесінің порталы 2013 жылдың, қаңтар айынан бастап пайдалану үстінде екені ескертілді.
Сонымен қатар, учаскелік дәрігерлер, дәрігер-мамандар мен дигнозшылардың қызметін, амбулаторлық-емханалық қызметін кешенді жан басына шаққандағы қаржыландыруды қолдану жағдайында тұрғындарға кеңес беру-диагностикалау көмек көрсетуге жолдамалар ағынын бағдарлау бөлігінде, статистика жүргізушілердің қызметін автоматтандыру туралы да айтылды.
Жиналыстың негізгі мақсаты: Тұрғындардың стационарлық және стационарды алмастыратын (емханалардың күндізгі стационарлары) деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі. Медицина ұйымдарының дәрі-дәрмек формулярларына сәйкес жүзеге асырылуы мақсатында, тұрғындарды тегін-дәрмекпен қамтамасыз етілуін қадағалау. Тұрғындардың "Комплексті медициналық ақпараттық жүйе" бойынша электронды түрде дәрігерлерге тіркеліп, барлық электронды мүмкіндіктерін пайдалануларын терең түсіндіре беруді ескерту.
Қатысқан адамдардың саны: 53.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
14.04.2018 жыл.