2016 жылы 24 қарашада Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, №1 орта мектепте аудандық штаб отырысы өтті. Штаб отырысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасы бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы». Мақсаты: Мұнайлы ауданының тұрғындарына және жеке кәсіпкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Тұрғындармен кездесуді Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.К.Оралбаева кіріспе сөзімен ашып берді. Келесі сөз кезегінде Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының директоры Е.А.Ширшикбаев ҚР міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды енгізу бойынша кешенді шаралары туралы сөз сөйледі. Кездесу соңында аудан тұрғындары мен жеке кәсіпкерлері денсаулық саласы бойынша сұрақтарына толықтай жауап алды.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»