Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

ҚР міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды енгізу

2016 жылы 24 қарашада Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, №1 орта мектепте аудандық штаб отырысы өтті. Штаб отырысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасы бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы». Мақсаты: Мұнайлы ауданының тұрғындарына және жеке кәсіпкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  Тұрғындармен кездесуді Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.К.Оралбаева кіріспе сөзімен ашып  берді.  Келесі сөз кезегінде  Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының директоры Е.А.Ширшикбаев ҚР міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды енгізу бойынша кешенді шаралары туралы сөз сөйледі. Кездесу соңында аудан тұрғындары мен жеке кәсіпкерлері денсаулық саласы бойынша сұрақтарына толықтай жауап алды.