Темиров Муханбет Муса ұлы 1951 жылы Гурьев облысы, Балықшы ауданы, Теңдік колхозында дүниеге келген.
1959-1969 жж. Форт-Шевченко қаласында орта мектепті бітіріп, 1969-1975 жж. Ақтөбе Мемлекеттік Медициналық институты дәрігер мамандығын тәмамдаған. 1975-1976 жж. аралығында Маңғыстау облыстық ауруханада интерн-дәрігер болып қызмет етті.
1976-1981 жж. Форт-Шевченко қаласында оташы-дәрігер кейін, 1981-2015 жылдар аралығында Маңғыстау селосы ауруханасында оташы-дәрігер қызметін атқарған.
34 жыл бойы бір денсаулық сақтау мекемесінде тапжылмай еңбек еткен Темиров Муханбет Мусаұлын зейнетке шығуымен құттықтаймыз. Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет. Жаңа 2016 жыл құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы және ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнетін көріңіз. Денсаулық, бақыт, байлық және жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!
Ізгі ниетпен: «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» ұжымы.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»