Темекі жетер түбіңе.
[img src="file:///C:\Users\AVALON~1\AppData\Local\Temp\msohtmlclip1\01\clip_image002.jpg" alt="Описание: 4f87d99b6d6f3" height="175" width="348"> Жасында темекісін будақдатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
Темекі шегу – денсаулыққа зиянды әсер ететін ең көр тараған зиянды әдеттердің бірі. Адамдардың темекі шегу бастауының себептері көп. Басқа балалардың әсері, темекі өнімдерінің әдемі жарнамасы мен айналадағыларға еліктеу жеткіншектердің алғашқы темекісін татуына өз әсерін тигізеді.
Темекі шегудің зиянын темекідегі никотиннің қасиеттерін оқып белгенде ғана түсінуге болады. Никотин миға темекіні тартқаннан 8 секундтан кейін келіп түседі. Никотиннің миға ену жылдамдығы темекіге тез әуестенудің негізгі себебі болып табылады.
Темекі түтінінің ең зиянды бөлігі – никотин. Ол орталық және шеткі жүйке жүйесіне қоздырғыштың әсерін тигізеді, нәтижесінде қан қысымы жоғарылап, ұсақ қан тамырларға таралып, тыныс алу жиелейді, асқорту мүшелерінің секрециясы күрт жоғарылайды. Түтігінде басқа да жүздеген улы заттар қышқылдар, шайыр заттар бар.
Темекінің адам денсаулығына әсерін зеріттеу күніне 10 -19 дана темекі тартатындар өмірін 5,5 жылға, ал 20 данадан асырып шегетіндер 10 жылдан астам уақытқа қысқартатынын анықтады. Күніне 10 -12 дана темекі тартатындар өкпе ісігіне 15 есе, 1-2 қорап темекі тартатындар 30 есе жиі ұшырайды. Темекі тартуды 15 жасынан бастағандар 25 -30 жастан кейін бастағандарға қарағанда 5 -6 есе жиі өкпе ісігінен қайтыс болады. Адамда осы темекі деген тажалға неге құмар? Оны не үшін шегеді? Деген сұраққа келетін болсақ, кейбіреулердің айтуы бойынша шаршағаным шығады, немесе шабытым келеді деп шексе, ал кейбіреулері семіздіктің алдын аламын деп шегеді. Бірақ бұлардың шындыққа 10 қайнаса сорпасы қосылмайтынын алдамшы түсініктер екенін білмейді. Ал енді семіздіктен сақтануға келетін болсақ, дұрыс тамақтанып, дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысқан адам темекісіз-ақ бұл пәледен алыс жүре алады. «Тәніңе қорлық, жаныңа зорлық жасама» дегендей, біздің қазақта ажары жақсы деген сөз «денсаулығы» жақсы дегенді білдіреді. Темекінің ең күштілігі мен қатыгездігі сонда, ол-адамның жүрек қан тамырлары жүйкесінің өте ерте ескеруіне әкеліп соқтырады. Мұндай өз адамның онсыз да қамшының сабындай қысқа өмірің одан бетер қысқартады. Мысалы,өзің зиянды әдеттен аулаған адамның жүрегі бір қалыпты, яғни минутында 70-80 рет соғады. Ал шылымқордың жүрегі минутында 100-120 рет соғады екен.
«Ұрпағымызды уламайық» дей келе дүниеге келетін сәбиінің сұлу да сымбатты, дені сау болғаны қай ана қаламайды? Әттең, темекі деген тажалдың осындай ізгі арманның орындалуына қаншалықты кедергі келтіретінін шылымға әуес болашақ ата –аналар түсіне ме екен? Кезекті дәрісімізді осы мәселеге арналғалы отырмыз. Өйткені темекі туралы әңгіме болғанда оның әйелдер тәнінің зияны жайлы айтпай кетуге болмайды. Себебі бұл мәселенің аржағында ұрпақ болашағына алаңдатушылықтың жатқаны бүгінгі күннің себебі болып отырғаны жоқ па?
Жалпы әрбір әйел -ана өз ұл-қыздарының тәрбиешісі, алдындағы айнасы, үлгі –өнегесі екенін ұмытпағаны жөн. Өзімен қоса бұғанасы бекімеген, оң –солын ажыратып үлгермеген, балаларын сағат сайын темекінің уымен аяусыз улап отырған ата –ананың балалары да шылымқор өспесіне кім кепіл?
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, адам бойындағы жаманды – жақсылы әдеттердің барлығы да әуелі ананың ақ сүтімен, күннің жылы шуағымен бастау алатынын ескерсек, өмірдің сәнін де, әрін де келтіретін темекі сияқты тажалдан тіршілік өзегі –аналарымыз аулақ болса екен!.....
Қазақстанда 18-ге толмағандарға темекі өнімдерін сатуға, бұқаралық ақпарат құралдарында темекі өнімдерін жарнамалауға, сонымен бірге қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде темекі таратуға тыйым салынған.
Осы баяндамада айтылған және айтылмай қалған басқа да толып жатқан аурулардың шылымқорларда жиі кездесуін қорғансыз тәнді ауру атты жаудың басынуы демеске амалым жоқ. Сондықтан шылымқорлар мен темекі шегуді жаңа бастағандарға айтарымыз: тәніңе қорлық, жаныңа зорлық жасама.
Темекі тастағысы келетіндерге ақыл –кеңес:
- Темекі шегудің зиянды жақтарын қарастыр;
- Шешім қабылдап оны орында;
- Темекі шегуді тастауға көмектесетін заттарды қабылда;
- Өздігіңнен тастай алмасаң, онда нарколог –дәрігерге бар
СӨСҚОО ММ Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі
Жиенбаева Гулжанат Жайлаубайқызы
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»