Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Тегін дәрі-дәрмек: халық нені білуі тиіс?

Тегін дәрі-дәрмек: халық нені білуі тиіс?

  Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек алуға мұқтаж жандар жетерлік. Өйткені, республика бойынша дәрі-дәрмектің бағасы көпшілік үшін айтарлықтай қолжетімді болмауы мүмкін. Әсіресе, созылмалы  ауру диагнозы қойылған тұрғындар үшін қымбат бағадағы дәрілерді алу қиынға соғып жатады. Осы мақсатта мемлекет тарапынан халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жолға қойылып келеді. Ал сіз тұрғын ретінде тегін дәрі алу  туралы нені білуіңіз керек? Дәрі мен медициналық бұйымдарды қайдан ала аласыз? Мемлекеттен бөлінген дәрілер шын мәнінде мұқтаж азаматтың қолына жетіп отыр ма? Дәл осы сұрақтарға бүгін мақаламызда жауап іздеп көрейік.

  Қазақстан Республикасының азаматы қандай да бір ауруға  тап болған жағдайда, бірден тіркелген медициналық мекемеге қаралады. Тиісті талдаулар тапсырылып, диагноз расталған соң, диспансерлік есепке тұрады. Бірыңғай дистрибьюторға тапсырыс беріліп, учаскелік дәрігер рецепт жазып, науқас (бұйрық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейді тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте №15724 болып тіркеледі.

Осы бұйрық 01.01.2018ж бастап қолданысқа енгізіледі.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.03.2018 №105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығы бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады.

    Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен Тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемі шеңберінде арнайы тізімдегі дәрі-дәрмектер ғана тегін беріледі. Ал қалған дәрілер мемлекеттің кепілдігіне кірмейді.  Бұл туралы егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, өзіңіз тіркелген емхана қызметкерлерінен, пациенттерді қолдау қызметінен сұрай аласыз.

Науқастар тегін дәрі-дәрмек алғанын SMS арқылы растайды

Азамат дәрі алғандығы жөнінде қадағалаушы органдарға хабарлауы қажет. Сіздің хат жіберуге бірер секунд уақытыңыз кетеді, сол арқылы мемлекеттік қор қаражаты пайдалы игі мақсатқа жұмсалып жатқанына үлес қосасыз!

  Яғни, пациенттерге маусым айының соңына дейін MS-хабарлама жолданатынын ескерткіміз келеді. Хабарлама жүйеге 2019 жылы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін тегін-дәрі дәрмек алғандар ретінде енген тұрғындарға жіберіледі. Ақпараттық жүйеде көрсетілген 5,7 млн телефон нөміріне хабарлама жіберу жоспарланып отыр.

Хабарламада рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетіледі. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттер SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдай алады немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалса болады.

Ескерту: қоңырау шалу да, SMS те – тегін.

Біле жүріңіз!

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алумен «СҚ-Фармация» ЖШС айналысады. «СҚ-Фармация» препараттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарының өтінімі негізінде сатып алады. Кейбір науқастар СК Фармация жеткізген халықаралық атауы құрамы бірдей дәрілік заттарды атауы басқа болса алмаймыз деп бас тарту жағдайлары орын алуда. Аталған жағдай Мұнайлы орталық аудандық аурухана құзырына кірмейтіндігін назарларыңызға береміз. 

Құрметпен Мұнайлы аудандық орталық аурухана


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения