Бұл күні ақ халатты абзал жанды медбикелерге құрмет көрсетіліп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Осыған орай, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында Дүниежүзілік медбикелер күні атап өтілді.
Құттықтау сөзді бастаған ауруханамыздың директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Хадиша Хасанқызы медбикелердің жұмысының аса жауапты екенін ескере отыра оларға қажымас қайрат тілеп, медбикелердің денсаулық сақтау саласындағы орны ерекше екенін атап өтекеле, ауданымызда қызметтерінде ерекше көзге түсіп, аянбай еңбек етіп келе жатқан үздік медбикелерді Алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар, ауданымыз медбикелері арасында мейірбикелер күніне орай мейірімді мейірбике атты сайысы өткізілді.
Сайыстың нәтижесі бойынша бірінші орынға Маңғыстау-5 дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Сарбасова Ақтілеш суырылып шықты. Екінші орын Атамекен-1 дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Пахрединова Ақеркенің, ал үшінші орын Батыр дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Камалова Эльмираның еншісіне бұйырып, бағалы сыйлықтар табысталды.ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»