Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Өмір сүр жүрегіңді аяла

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау  саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары аясында,  2015 жылдың 21-30 қыркүйек аралығында  «Бүкіләлемдік жүрек күніне ұштастырылған қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу »концепциясын  жүзеге асыру арқылы жүрек күніне ұштастырылған қан айналым жүйесін туындататын қауіп факторлары және оны ерте анықтау, оның алдын алу туралы халықтың ақпараттануын арттыру, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейту мақсатында, Мұнайлы аудандық СӨСҚОО –филиалының меңгерушісі Г. Жиенбаеваның , ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді, және  БМСККО,ДА  орталықтарының аға дәрігерлері, аурухана, емхана дәрігерлері, балалар дәрігерлері, Жедел жәрдем, СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары, ЖДО қызметкерлерінің  қатысуымен  16.09.2015ж. жұмыс тобы құрылып  аурулардың алдын алу және Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысындағы іс –шараларды өткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынды.

  БМСККО, ДА Атамекен, Атамекен -1, Маңғыстау -5, Қызылтөбе,Қызылтөбе -1, Қызылтөбе -2, Дәулет, Басқұдық, Баянды –да  барлық емдеу –сауықтыру мекемелерінде  онкүндік акция  аясында «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып өткізілді.

   Мұнайлы ауданында Маңғыстау селосында 23.09.2015ж. күні «Мұнайлы» сауда орталығында «Бүкіләлемдік жүрек күніне ұштастырылған қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу» тақырыбына орай «Ашық есік» ұйымдастырылып өткізілді. Акцияда СӨСҚО мамандары және ЖДБ мамандары  Кардиолог дәрігері  Г. Янгибаева  жүрек ауруының алдын алу жөнінде халыққа ақпарат беріп, ақыл кеңестерін айтты.  ростометр, таразымен тұрғындардың бойы, салмағын өлшеді.   тонометрмен қан қысымын өлшеді. Офтальмолог көзішілік қысымын, ал  дәрігерге дейінге кабинет медбикесі Бекназарова Б қандағы қант мөлшерін анықтады. Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылып, ақыл кеңестерін  беріп, сұрақтарына жауап берілді. Скрининг бетшелерін таратып, тұрғындарға жергілікті емханада медициналық профилактикалық тексеруден тегін өтетіндігін айтып өтті.


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения