Мұнайлы ауданының медицина қызметкерлері әрқашан өздерінің кішкентай пациенттері – балаларға ерекше көңіл бөліп келеді, ол үшін арнайы Ата-Анаға Ерте жастағы балаларды дамыту және тамақтандыру ресурстық орталығы кабинеті жасақталып ашылды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНИСЕФ балалар қорының бағдарламасы аясында 5 жасқа дейінгі балаларды дұрыс тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында аудандық орталық емханадан ата-анағаларға арналған ерте жастағы балаларды дамыту және тамақтандыру ресурстық орталығы ашылды. Орталықтың тұсауын облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиевамен бірге ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный кесіп, ата-аналарды орталықтың ашылуымен құттықтады. Орталықта ата-аналарға ЮНИСЕФ бағдарламасы арқылы арнайы оқытылған 11 маман 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларды қалай тамақтандырып, күту жолдарын үйрететін болады. Мұнда ас дайындауға арналған барлық жағдай жасалып, балғындардың жас шамасына қарай ойнайтын ойыншықтары топтастырылған. Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының құрамындағы барлық, бастапқы медико-санитариялық көмек көрсету орталықтары мен дәрігерлік амбулаторияларда және Ата-Анаға Ерте жастағы балаларды дамыту және тамақтандыру ресурстық орталығы кабинеті жасақталған. Аталған кабинеттерге жауапты қызметкерлері бекітілген және өз қызметтерінде нақты міндеттерін атқарады.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»