Ағымдағы жылдың 14 қараша күні, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесі Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде», Шылым шегуден бас тарту халықаралық күніне арналған «Шылым шегуді тастау үшін тамаша күн!» атты шарасыөткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: Сау болу сәнді – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.б. Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Шара барысында Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалының меңгерушісі Г.Жиенбаева және Мұнайлы аудандық орталық емхана психолог маманы М. Орунбасарова оқушыларға ақпараттық танымдық құралдармен таныстырып, салауатты өмір салтын ұстану, темекінің зияны жөнінде толықтай ақпарат беріп, қызықты тренингтер жүргізді және ақпараттық ағарту материалдары таратылды.Барлығы 40 оқушы қамтылды.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»