Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс –шара жоспарын орындау аясында, "Дүниежүзілік сүт безі обыры ауруының алдын алу", "Бірге кеуде обырына қарсымыз!", "Ескерту түзетуден оңай", "Ауруды болдырмау үшін" атты ұрандарымен, халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында, БМСККО "Атамекен" аға дәрігері: Джулдызова Ләззат Аубекирқызы және психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың, қазан айының, он сегізінші жұлдызы күні, "Ашық есік" тақырыбында дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Дәріс, тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында өткізіліп, дәрігер: Г.М. Джанахметова және Жалпы тәжірибелі дәрігер: Т.А.Ажибаева кең, әрі түсінікті түрде жүргізіп, тұрғындар сауалдарына нақты жауап берді.
Сонымен қатар, тұрғындарға, уақытылы скринингтен өту қажеттіліктерін ескерте отырып, қатысқан әйелдерге буклеттер мен парақшалар таратылды. Психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, "Күйзелістің алдын алу" атты тақырыбында түсініктер мен кеңестер айтып өтті.
Сондай-ақ, №7-ші жалпы білім беру мектебінде "Менің таңдауым-салауатты өмір салты" атты тақырыбында, оқушылар арасында сынып сағаты жүргізілді. Денсаулық бұрышы жасақталып, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, балаларға жалпы гигиена, таза ұстану, дұрыс тамақтану, күйзелістің алдын алу тақырыптарында толық мәліметтер берілді.
Қатысқан тұрғындар саны: 47,
оқушылар саны: 20,
таратылған бетшелер саны: 67.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
18.10.2018 жыл.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»