БМСККО «Атамекен» аға дәрігері: Джулдызова Ләззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019-шы жылдардағы, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шара жоспарын орындау аясында, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директорының №7.08.2018-ші жылғы №57-ші бұйрығына сәйкес, «Сүт безі обыры» ауруының І-ші және ІІ-ші сатысын, анықтау мақсатында, «Ашық есік» күні өткізілді.
«Сүт безі обыры ауруының алдын алу» атты тақырыбында, дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Акушер-гинеколог дәрігері: Сариева Марал Азатқызы, әйелдерге дәріс оқып, өз-өздерін қалай тексеру қажеттігі жөнінде түсіндіре өтті.
Сонымен қатар, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, қосымша түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, психологиялық кеңестер беріп, арнайы бетшелер таратты.
Сондай-ақ, әйелдер, дәрігерге дейінгі кабинеттен, арнайы дәрігерлік тексерістен өткізілді. Қатысушылар арасында сұрақ-жауаптар жүргізілді.
Қатысқан барлық әйелдер саны: 44.
Тексеріс барысында, ешқандай науқас анықталмады.
Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы,
25.08.2018 жыл.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»