БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында (UNAIDS), Бүкіл дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Республикасының АИТВ/ЖИТС және ЖЖБИ-дың алдын алу айлығын өткізуге байланысты, 2014 жылы облысымызда Бүкіл дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу мақсатында, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының 24.10.2014 жылғы №253 бұйрығына сәйкес, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының 31.10.2014 жылғы №107 бұйрығы шығарылды.Бұйрық аясында жұмыс тобы құрылып іс-шаралар жоспары бекітілді.СӨСҚПО – филиалы және Жастар денсаулық бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді, оған ІІБ өкілі, аудандық білім бөлімінің өкілі, БМСККО орталықтарының аға дәрігерлері, аурухана, емхана дәрігерлері, балалар дәрігерлері, ЖИТС дәрігері СӨСҚПО филиалы, Жастар денсаулық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен 03.11.2014ж. жұмыс тобы құрылып мәжілісі өткізілді, 28 адам қатысты және тиісті іс-шаралар жоспары бекітілді.
Айлық аясында барлық елді мекендерде, мектеп оқушылары мен студент жастар арасында, жалпы білім беру мекемелерінде «АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайы нөл. Дискриминацияға ұшырату нөл. ЖИТС ауруынан өлу жағдайы нөл» деген ұранмен семинарлар тренингтер, ұйымдастырылып бейнероликтер көрсетілді. Жоғары сынып оқушылары арасында театрланған көріністер, «АИТВ инфекциясыз өмір» тақырыбында оқушылар арасында сурет салу сайыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара жоспарына сәйкес, аудандағы №2025 Әскери бөліміндегі сарбаздар арасында сауалнамалар жүргізілді. Семинар тренинг, ұйымдастырылды және өз қалаулары бойынша қан алынып «АИТВ» инфекциясына талдау жүргізіліп, қорытындысы айтылды.
Сонымен қатар, аудандағы барлық бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталықтары және дәрігерлік амбулаторияларда ЖИТС дәрігері Г.К.Аманжолова, емхана психологы М.Н.Борамбаева, СӨСҚПО, ЖДБ қызметкерлері дәрігерлерге және орта буынды медицина қызметкерлеріне семинар тренингтер және ЖИТС туралы сауалнама ұйымдастырылып өткізілді.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»