Ағымдағы жылдың, тамыз айының бірінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасында, жас аналарға "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету" мектебі және "Дені сау бала кабинеті" бойынша "Ашық есік" болып өтті.
Семинардың негізгі мақсаты: Жас аналарға балаларының дұрыс тамақтануын ескерте отырып, тамақтандыру ережелерімен таныстыру мақсатында, іс жүзінде аналарға көрсетіп, үйретуді қадағалау.
Семинарда, аналарға ресурстық орталық медбикесі: Каракулова Г. балаларға пайдалы тағамдардан ботқа жасауды, дәрумендерге толы жемістерді қалай беру керектігін айтса, дені сау бала кабинетінің медбикесі: Ж. Сәттібаева, барша аналарға емшекпен емізудің ережелерімен таныстырып өтті.
Cонымен қатар, психолог маманы: М.Боранбаева, жас аналарға психологиялық кеңестер беріп, арнайы бетшелер таратты.
Қамтылған адамдар саны: 9.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
01.08.2018 жыл.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»