Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Астана қаласында, Қазақстанда тұңғыш рет мейірбике ісі жөніндегі Халықаралық конференция өтті

         Ағымдағы жылдың, маусым айының жиырма екінші және жиырма үшінші жұлдызы күндері, Астана қаласында, Қазақстанда тұңғыш рет мейірбике ісі жөніндегі Халықаралық конференция өтті.

        Халықаралық конференцияның негізгі мақсаты: Пленарлық және секциялық отырыстарда, тақырыптық пікірталастарда мейірбикелік қызметті басқару, мейірбикелердің білімдерін бақылау, сертификаттау және лицензиялау, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін, оның ішінде дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

        Конференция жұмысына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, медициналық жоғарғы оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың, жоғары медициналық колледждердің оқытушылары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, бас дәрігерлер, дәрігерлер, медбикелер, қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтар мен қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. 

        Сонымен қатар, Халықаралық конференцияға, КСРО Халық әртісі, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері: Әшімов Асанәлі Әшімұлы және Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы, Мұнайлы орталық аудандық емханадан бас медбике: Жазықбаева Зәуре Жалғасбайқызы қатысты. Ал, спикерлер ретінде АҚШ, Канада, Финляндия, Швейцария, Польша, Беларусь және басқа да елдердің сарапшылары, ДДСҰ мен ЮНИСЭФ өкілдері шақырылды.

        Сондай-ақ, 500-ге жуық конференция қатысушылары екі күн бойы пленарлық және секциялық отырыстарда, тақырыптық пікірталастарда мейірбикелік қызметті басқару, мейірбикелердің білімдерін бақылау, сертификаттау және лицензиялау, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін, оның ішінде дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мейірбикелердің рөлін, патронаждық қызметті, мейірбикелік білімді дамыту мәселелерін талқылап өтті. 

        Қазіргі уақытта, бағыттарының бірі, ҚР-да мейірбике ісін жетілдіру болып табылатын Қазақстанда "Медициналық білім беруді және ғылымды жаңғырту" жобасы іске асырылып жатыр. 

      

        Халықаралық конференцияға қатысқан барлық адамдар саны: 500. 


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        22.06.-23.06.2018 жыл. 

       

    

Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения