Ағымдағы жылдың, маусым айының төртінші жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері: Бекниязова Гүлзира Иманбайқызының ұйымдастыруымен, «Ми құрты (Менингит)» ауруының алдын алу тақырыбында, медицина қызметкерлері арасында, дәрігерлер мен психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы тарапынан, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Гүлзира Иманбайқызы, "Ми құрты" ауруы туралы жалпы түсініктер айтып, тақырыпты ашып берді.
Сондай-ақ, учаскелік медбикелерге, балаларға өте сақ болуын және "Ми құрты" ауруының алдын алу жөнінде, ата-аналарына түсінік жұмыстарын жүргізуілері керек екендіктерін айтып, талап етті.
Жалпы мақсаты: Науқастарды уақытында анықтап, емдеу және жұқтырудың алдын алу мақсатында санитарлық-гигиеналық, емдік профилактикалық шаралар жүргізу.
Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігер: Бердімұратов Аман Ережепұлы, осы тақырып жөнінде дәріс оқып, алдын алу, емдеу жолдары және тағы басқа түсініктер айтты. Дәрігерлер мен медбикелер арасында сұрақ жауаптар болып, тұжырымды жауаптар алынды. Медбикелерге "Ми құрты" тақырыбы бойынша арнайы бетшелер таратылды.
Қатысқан адамдар саны:15.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
04.06.2018 жыл.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»