Ағымдағы жылдың, мамыр айының жиырма төртінші жұлдызы күні, Атамекен-1 дәрігерлік амбулаториясында, Комплексті медициналық ақпараттық жүйе "damumed" электронды қызметіне жауапты маман: Ғаниева Ақсана Исақызының ұйымдастыруымен, ауыл тұрғындары мен дәрігерлер тіркеуінде тұрған адамдарға, "damumed" электронды қызметтік бағдарламасына тіркеу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Мұнайлы ауданының, басқа мекемелері мен мектептерінде және әкімшілік, сот орталықтарында "damumed" электронды қызметі жөнінде, түсіндіру жұмыстарының жүргізілетін күндеріне байланысты арнайы кесте құрылады. Сол кесте арқылы, Ғаниева Ақсана Исақызы, аудандағы мекемелер мен мектептерге және әкімшілік, сот орталықтарына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратын болады.
Негізгі мақсаты: Ауыл тұрғындарына Комплексті медициналық ақпараттық жүйесі "Damumed" қызметін толықтай түсіндіре отырып, болашақта "Damumed" қосымшасын өздерінің ұялы телефондарына орнату арқылы, барлық медициналық мүмкіндіктерді пайдалануларымен қатар, электронды картаның жүктелу жолын түсіндіру және тұрғындардың өз еркімен тіркеліп, барлық мүмкіндіктерін еркін пайдалана алуларын қамтамасыз ету.
Қатысқан адамдар саны: 31.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
24.05.2018 жыл.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»