Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Мұнайлы орталық аудандық аурухана басшылары мен емхана ұжымының атынан, "9 мамыр-Ұлы Жеңіс күні" мейрамына арналған, арнайы құттықтау сөз...

          Қымбатты Мұнайлы ауданының тұрғындары! Биыл Ұлы Отан соғысының біз үшін жеңіспен аяқталғанына 73 жыл толып отыр.

         Тұтқиылдан басталған соғыс, Еуропа елдерінің барлығын дерлік шарпыды. Неміс басқыншылары жол-жөнекей кездескен елдердің бәрін қырып-жойып, өртеп, баса-көктеп келе жатты. Бүкіл КСРО-ның құрамындағы елдердің халқы бірлесе күресуге жұмылдырылды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллионнан астам адам аттанды. Біздің көптеген аталарымыз бен апаларымыз қан майданда ерлікпен қаза тапты. Аман-есен елімізге оралғандары да қаншама.Қан майданда күресіп жатқан әрбір жауынгерді қаһарман, нағыз ер деп айта аламыз. Өйткені олардың әрқайсысы қасық қаны қалғанша шайқасты.

          Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағыда бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе?

         Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, тарих бетінде бұл соғыс «Батыр» деп жазып кетті. Батыр ағаларымыз бен әкелеріміздің ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытпақ емес. Олар еліміздің бақыты үшін, ерлікпен қаза тапқан. Кіндік кескен жері, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп жалын кешкен ер –азаматтар әр уақытта естен шықпайды. Бүгін сол жауынгерлер рухына бас иіп, еске алуға тиістіміз. Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды.

         Қымбатты Мұнайлы ауданының тұрғындары! Сіздерді, еліміздің 73 жыл толған Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды құттықтаймыз!!!

         Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көк туымыз әрқашан желбірей берсін деген тілек білдіреміз, ағайын!!!

 

         Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

         09.05.2018 жыл.





Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения