Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау аясында, ағымдағы жылдың, сәуір айының он жетінші жұлдызы күні, "Жарақаттың алдын-алу" атты тақырыбы бойынша дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Дәріс БМСККО Атамекен аға дәрігері: Джулдызова Ляззат Аубекировна және психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, №7-ші орта мектепте оқушылар арасында "Судағы қауіпсіздік", "Велосипед-менің жеке көлігім" атты тақырыптарында мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындап берді.
Сондай-ақ, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы оқушыларға қосымша түсінік жұмыстарын жүргізіп, жарақаттың алдын алу мақсатында, біраз пікірлер айтып, өз кеңестерімен бөлісті.
Дәрістің жалпы мақсаты: Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімділер арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанушылық мәселесіне мемлекеттік органдардың, көпшіліктің назарын аудару.
Жалпы қатысқан оқушылар саны: 22.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
17.04.2018 жыл.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»