Ағымдағы жылдың, қаңтар айының 29-шы жұлдызында, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы медициналық мекемесі Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау ауылындағы "Халыққа қызмет көрсету орталығында" "Жатыр мойнының қатерлі ісігі және Халықаралық қатерлі ісікпен күрес» және "Жемқорлықпен күрес заңының үстемдігі " жөнінде кең көлемді шара өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – Онкологиялық аурулардың алдын -алу шаралары, соның ішінде дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, темекіден және ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту адамдағы папиллома вирусы мен вирустық гепатитке қарсы уақытылы вакцинация жасау скринингтік тексеру кезінде онкологиялық сақтықты және өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру туралы білім деңгейін арттыру арқылы онкологиялық аурудың төмендету жолдары туралы халықты ақпараттандыру.
"Мұнайлы орталық аудандық аурухана директор орынбасары: Сарсенова Ұлжан Берікқызы тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасы және жемқорлықпен күрес заңының үстемдігі жөнінде халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Орталық емхана онколог дәрігері: Давлетмұратова Жанар Орынгалиқызы «Жатыр мойнының қатерлі ісігі және Обыр ауруының алдын-алу» жөнінде кеңес беріп отырды. "Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының" психолог маманы: М. Борамбаева тұрғындардың артериалдық қан қысымын өлшеп, психологиялық медициналық кеңес беріп отырды. Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалы мамандары ақпараттық-ағарту материалдарды таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 110 ге жуық тұрғындар қатысып, соның ішінде 28 адам дәрігерлік тексеруден өтуге кеңес берілді.
"Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы"
30.01.2018 жыл
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»