Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын
қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесі Мұнайлы аудандық
филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау
ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде», «Зиянды
әдеттерден аулақ болайық» (нашақорлық, темекі, ішімдік, насыбай) және
Салауатты өмір салтын ұстанайық. (дұрыс тамақтану) тақырыбында
семинар-тренинг өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты:
Қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отырған қауіпті мінез-құлық
факторларының (нашақорлық, темекішегушілік, ішімдік, артық салмақ) және
дұрыс тамақтану.
Шара барысында Салауатты өмір салтын
қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық
филиалы мамандары симуляциялық құралдарды пайдалана отырып оқушыларға
(темекі, ішімдік, нашақорлық, насыбай) қауіп-қатер факторларының зиянды
әдеттері туралы ақпаратты жеткізді. Сонымен қатар Мұнайлы аудандық
орталық емхана психолог маманы М. Боранбаева қызықты тренингтер жүргізе
отырып, «Зиянды әдеттерден аулақ болайық» нашақорлық, темекі, ішімдік
тақырыбында дәріс оқыды, тақырыпқа сай ақпараттық- ағарту материалдары
таратылды. Барлығы 55 оқушы қамтылды.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»