Ағымдағы жылдың 24 қараша күні Салауатты өмір саалтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесінің Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, Маңғыстау селосындағы №5 орта мектепте «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай» семинар-тренинг өткізілді.
Шараның басты мақсаты – жастарды адамның иммун тапшылық вирусы инфекциясының пайда болуы мен алдын алу, дер кезінде ауруды анықтаумен медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы, өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілік, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру туралы ақпараттылық деңгейін арттыру.
Семинарда Мұнайлы аудандық ЖИТС орталығының координаторы Аманжолова Г.К «Адамның иммун тапшылық вирусының таралу жолдары , алдын алу жолдары» жөнінде дәріс оқыды. Психолог маманы М. Боранбаева, Салауатты өмір саалтын қалыптастыру облыстық орталығы медициналық мекемесінің Мұнайлы аудандық филиалы меңгерушісі Г. Жиенбаева «Кім жылдам», «Сергіту сәті», «Тапқырлар тобы» жөнінде тренингтер жүргізді. Тақырыпқа сай ақпараттық ағарту материалдары таратылды. Барлығы 33 оқушы қамтылды.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»