Жасөспірімдік жасының жалпы сипаттамасы.
Жасөспірім шақтағы қарым – қатынас ерекшеліктері.
Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы.
Жасөспірімдік жасының жалпы сипаттамасы.
Жас ерекшелігі психологиясында жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады.
Акселерацияның, яғни дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі екен. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға: препубертаттық және постубертаттық фазаларға бөліп қарастырады.
Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқуы шамамен 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқуы шамамен 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылданумен байланысты. Спорттың кейбір түрлеріне балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жағынан жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік – экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық немесе қалып қамиды.
Жасөспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15 – 16 жасқа қарай әдетті қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі балқаймайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді.
Жасөспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатынын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығын (енді бала болмағанымен, әлі ересекте емес)., өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық – бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да жас адам оларды бағалауға біршама ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
Жасөспірім шақтағы қарым – қатынас ерекшеліктері.
Жасөспірімнің жеке басының әлеуметтік – моральдік ересектігінің дамуында қарым – қатынастың маңызды роль атқарады. Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жасөспірім сыйлы, беделді, қайсібір салада озық сыныптастарымен қарым – қатынас жасауға ұмтылады.
Жақын жолдастарының қарым – қатынасында әңгімелесу үлкен орын алады. Әр түрлі істе де, серуен кезінде де әңгіме үзілмейді, шындап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады.
Маңызды әрі жеке адамға қатысты деп ұғынылатын мазмұнның ұлғайып, тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зәрулік туғызады. Сондықтан, достық қарым- қатынастарға өзара сыр жасырмау және түсіністік, сергектік пен сезімталдық, сыр сақтай білу сияқты ерекше талаптар қойылады. Нағыз дос тауып, оған өзі де жалғыз досы болу – әрбір жасөспірімнің арманы.
Жасөспірім достығының мұраты – «қашанда бірге болып, бәрін бірдей бөлісу». Жасөспірімдер дос-жолдасымен ортақ өмірге ұмтылады.
Нағыз достықтық бірден шығуы сирек болады. Жасөспірімдер достықты қадірлегенімен, оған көп талап қояды, әрі өкпелегіш болады. Жақын жолдасымен, досымен қарым-қатынас туралы жасөспірім көп ойланып, толғанады. Ол осы қарым-қатынаста, өзіне жолдасының несі ұнап, несі ұнамайтынын білуге тырысады, өзінің оған, оның бұған қатынасын салыстырады.
Достықтың қағидаларын меңгеру - баланың жасөспірім шақта жететін маңызды жетістігі. Жасөспірім шақта ер балалармен қыз балалар арасындағы қарым – қатынаста айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қою, ұнату, осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып, ұнамды көрінуге ұмтылады.
Бастапқыда басқа жынысқа көңіл аудару көптеген ер балаларда кіші жастағы жеткіншектерге тән қыз балаларға «тиісуден» көрініп, дамиды. Кейін қарым – қатынас өзгереді. Жоғары сыныптарда көбі, әсіресе қыздар кімге кім ұнайды деген мәселеге зер салады. Жеткіншектік шақта балалар мен қыздар арасында достық сирек болады, ал жоғары сыныптарда жиі кездеседі, өзара ұнау өте эмоциялы болып, өмірінде маңызды орын алады.
Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
Өмірдің ұзақтығына және жалғасуына байланысты жастық шақтық жайлы түсініктер өзгере бастайды. Яғни бір жағынан балалық шақ, ал басқа жағынан – кемелдік кезеңмен тығыз байланыста болады.
Жастық шақ ең бағалы жас болып табылады, өздерінің талғамдарымен, әдеттерімен, мүдделерімен т.б. ерекшеленіп отырады. Қазіргі әлемде жастық шақтың құндылығы кәсіби дайындықтағы оқу мерзімінің ұзаруымен байланысты. Өйткені жастық шақта адам негізгі білімдерді, дағдылар мен әдеттерді оңай үйренеді. Бұл кезде оқуға деген ынта ықыласы да ашық болады, сонымен бірге ең күрделі интеллектуалдық қабілеттері де әр түрлі ғылыми аймақтарда, техникада, физиологиялық және интеллектуалдық дағды мен ептілікті игеру процестеріне қабілетті болып келеді. Бұл қабілеттер тек қана іске асыруға ғана қолданбайды және де әрі қарай шығармашылық еңбегін дамытып, жетілдіруге негізделген.
Сондай-ақ, қарым – қатынасты тез орнатып, танысу арқылы өздерінің достары да көп болуы осы кезеңге байланысты. Бұл қатынастар тек экстенсивті сипат алмайды, әрі қарай махаббатта, неке құруға, достыққа негізделуі мүмкін.
Жастық шақта сонымен бірге сұлулық пен әсемділік барлық жастағыларға тән болып келеді. Себебі, мұнда адам әрекеті өмірде, шығармашылық және тұлғалық қасиеттер ортада айтарлықтай прогресске жетеді.
Сонымен бұл кезеңдегілер ең алғаш жоспарлаған мақсаттарына қадам жасай бастайды, яғни өздерінің өмірлік мақсаттарының орындалуына ұмтылады, өздерінің алдындағы кедергілерге қарсы тұруға үйрене бастайды. Бірақта бәрі бір оларда жаңаны қабылдап, бар мүмкіншіліктерін пайдалану алдында уайымшылдық, өз-өзіне сенімсіздік, күмандалушылық және толғану сияқты сезімдері туып отырады. Сондықтанда, бұл кезеңде ең басты мақсаты – өзін-өзі дамыту деп айтуға болады.
Адамда өзінің өткен өмірінің кезеңдерімен айырылу өте қиын. Себебі, олардың алдында енді үлкен жауапкершілік, бұрынғыдай мүмкіншіліктері таусыла бастайды, олар өз алдына қоғам мен қарым – қатынас жасауына, өз-өздерінің тек бір ғана әрекетпен айналысуына бағыттауына, яғни белгілі бір өмір қалпына келу үшін тура келеді. Бұл аталған құбылыстар адамның психикалық өміріндегі дағдарысқа әкеліп соқтырады.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»