Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының №22 «Мұнайлы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың арасындағы суицидтің алдын алу туралы» бұйрығына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша №7 орта мектепте «Зорлық – зомбылықтың алдын алу», «Суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар БМСККО «Атамекен» аға дәрігері Л.А. Джулдызованың ұйымдастыруымен өткізілді. БМСККО Атамекен ЖТД Нұрсұлтанова С.Б «Суицид дегеніміз не? және оның алдын алу» туралы лекция оқыды, БМСККО Атамекен психолог маманы Г.А Жамалова «Зорлық – зомбылықтың алдын алу» тақырыбында лекция оқып осы тақырып жөнінде қатысушыларға видео роликтер көрсетілді. Бұл шараға мектеп инспекторы Т.М Елубайұлы қатысып оқушыларға тақырыпқа қосымша түсініктер берді. Оқушылармен дәрігер арасында сұрақ жауаптар жүргізіліп семинар ашық әрі кең түрде өткізілді. Семинарға – 30 оқушылар қатысты.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»