Халықты иммундаудың басты сапалық көрсеткіштерінің бірі – профилактикалық егулермен тиісті қамтуға қол жеткізу болып табылады. Осыған байланысты, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша халықтың санитарлық эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамсыз ету мақсатында БМСККО «Атамекен» аға дәрігер Л.А. Жұлдызованың ұйымдастыруымен 2017 жылы 09 ақпанда дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге БМСККО Атамекен ЖТД Нурманова Г.С, Нұрсұлтанова С.Б, Шарманова Д.А, психолог маманы Жамалова Г.А, Атамекен селолық округі маманы Шалкарова А.И, Ар-Рахман мешітінің иманы Муталиев А. №7 орта мектеп директоры Курашев Е.Қ және екпеден бас тартушы ата – аналар қатысты.
Отырыста аға дәрігер Л.А.Жұлдызова БМСККО-да иммундық профилактика жөніндегі санитарлық эпидемиологиялық талаптары жөнінде айтып өтті.
Ар-Рахман мешітінің имамы Ислам дінінің екпеге қарсы еместігін. Құран кәрімде емделу керектігі жазылғанын айтты.
Мектеп директоры Е.Қ. Курашев осы екпенің арқасында шешек ауруының мүлде жойылып, оба сияқты ауруларыдың азайғанын айтып өтті.
Отырыста сөйлеген ата- аналар балалары ауырғандықтан діни нанымдарға байланысты алмайтынын және әр ата – анаға жеке сұрақтар қойылды. Психолог маманы Г.А. Жамалова қосымша түсініктер берді.
Отырыс соңында ата – аналар күн екпе туралы түсінік алғандарына алғыс айтып, тарасты.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»