Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

ДЕНІ САУ БАЛА КАБИНЕТІ.

                                                                                    ДЕНІ САУ БАЛА КАБИНЕТІ

Мұнайлы ауданының медицина қызметкерлері әрқашан өздерінің кішкентай пациенттері – балаларға ерекше көңіл бөліп келеді, ол үшін арнайы дені сау бала кабинеті жасақталған.

Кабинеттер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасында ерте шақтағы балалар  денсаулығын қорғау бойынша алдын алу шараларын күшейту туралы» бұйрығына сәйкес ашылды. Олар бастапқы медициналық-санитарлық көмек жасайтын медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Дені сау бала кабинеттері консультативтік және білім беру жұмысы бойынша  ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіруші рөл атқарады. Мұнда медициналық қызметкерлермен қатар балалардың ата-аналары немесе отбасында ерте шақтағы  балаларға күтім көрсететін адамдар да білім алып, дағдылана алады.

Дені сау бала кабинеттерінің негізгі міндеттері: балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу, соның ішінде медициналық қызметкерлердің білімін үздіксіз жетілдіру, дені сау және науқас баланы күту, тамақтандыру, дене және психологиялық-әлеуметтік даму мәселелері бойынша тақырыптық сабақтар өткізу, медициналық қызметкерлерге ерте шақтағы балаларға патронаж жүргізу әдістемесін және жүкті әйелдерді, бала емізетін әйелдерді және ерте шақтағы балаларды дұрыс тамақтандыру ережелерін үйрету, медициналық қызметкерлерді балалардың психологиялық-әлеуметтік даму жағдайын бағалау мәселелері бойынша, массаж, гимнастика жасау тәсілдеріне және т.б. үйрету.

Мұнайлы  орталық аудандық ауруханасының құрамындағы барлық, бастапқы медико-санитариялық көмек көрсету орталықтары мен дәрігерлік амбулаторияларда «Дені сау бала» кабинеті жұмыс істеп тұр. Аталған кабинетте күніне, орта есеппен 20-25 балалар мен олардың ата-аналарына баланың денсаулығын қорғау және алдын алу туралы жан-жақты кеңес беріп, үйрету жұмыстары жүргізіледі. Аталған кабинеттерге жауапты медицина қызметкерлері бекітілген және өз қызметтерінде нақты міндеттерін атқаруда.


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения