Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Отбасын жоспарлау- болашақ дені сау ұрпақтың кепілі

Отбасын жоспарлау – біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Көптеген жылдар бойы отбасын жоспарлау – бала тууды шектеу деген түсінікті білдірді. Бірақ отбасын жоспарлау – армандап күткен, денісау баланы дүниеге келтіру үшін еркек пен әйелденсаулығын сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз.

Репродуктивтік денсаулық – адамның ұрпақ әкелетін дене мүшеле­рінің және функциясының ауру мен сырқатсыз болуы ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы.

Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы бойынша емханада,барлық БМСКК орталықтарында, дәрігерлік амбулаторияларда босану жасындағы әйелдер арасында «Жанұяны жоспарлау және Жас ана мектебі» жұмыс жасайды. Соның ішінде Атамекен-1 Дәрігерлік-амбулаториясында «Жанұяны жоспарлау және Жас ана» мектебі 2016 жылы маусым айынан бастап ашылды. Бүгінгі таңда дәрігерлік амбулаторядағы жалпы есептегі 212 жүкті әйелдердің барлығы мектептің сабақтарына тіркеліп кеңес алуда. Жүкті әйелдер негізінде жүктіліктің 4 мерзімінде сабаққа қатысады. Сабақтар тақырыбы: 1 Құттықтаймыз! Сіз жаңа ұрпақ күтудесіз. 2. Кіп-кішкентай нәресте өсуде 3. Босану уақытына дайындық. 4. Перзентхананың сапарына дайынбыз ба? Мектепте ұдайы «Жанұяны жос­пар­лау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары барысында акушер-гинеколог,жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелер және психолог маманның жас аналарға кеңестер өткізілуде. Бейнематериалдар мен слайдтарды қолдана оты­рып, репродуктивті денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылы­ғына, оның гигиеналық талаптарына, ағзадағы горманалдық өзге­рістер, жос­парланбаған жүктіліктен сақтануда контрацептивті препарат­тарға қарағанда табиғи жолының тиімділігіне, жасанды түсік тастаудың ағ­заға тигізер зардаптарына, болашақ отбасын жоспарлаудың мәніне те­рең тоқталып өтуде. Жас аналарға перзентханаға босануға дайындық сумкасы таныстырылып, аналар сұрақтарына толық жауап ала алады.


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения