20.09.2016 жылы сағат 9:00-де Басқұдық селолық округінде орналасқан №9 орта мектепте «Құқық бұзушылық,қаңғыбастық,нашақорлық,суицид,жыныстық тиіспеушілік,зорлық-зомбылық,ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.Кездесуге жауаптылар:Білім бөлімі,мектеп директоры,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары. Кездесу мақсаты: оқушылардың жаман жолға түспей,оқуларын аяқтап,жақсы маман иегері болу.
Кездесуге Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция тобының полиция мойоры Сарсенбаева Ж.,Аудандық мәдениет,дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Утегенов С.,Басқұдық дәрігерлік амбулаториясының акушер гинекологы,ювенологы Нугманова С. және терапевті Өтемуратова З. қатысты. Оқушыларды келген қонақтармен таныстырып, кездесу тақырыбымен және мақсатын түсіндіріп,Аудандық білім үйлестіру орталығының тәрбие жөніндегі әдіскері Иманкулова М. сөз сөйледі.Келесі сөз кезегі Сарсенбаева Ж. берілді,ол ауданымызда жасөспірімдер арасында болып жатқан тақырыпқа сай проблемаларды айтып және оқушыларды сол жолға түспеуін айта кетті.Утегенов С. ауданымызда қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған спорт және өнер мектептерін,мектеп ішіндегі үйірмелердің тізімін айтып,оқушылардың бос уақытында болашақтарына пайдалы істермен айналысуға шақырды. Басқұдық дәрігерлік амбулаториясының акушер гинекологы,ювенологы Нугманова С. қазіргі жасөспірімдер арасындағы жүктілік оның салдарын және ерте жүктіліктің ағзаға әсерін түсіндіріп өтті.Терапевт Өтемуратова З. суицид оның түрлері,кезеңдері мен себептерін,нашақорлыққа әуес болу түрлері мен оны қолданбауға шақырды.
ГККП на ПХВ «Мунайлинская районная больница»
Мангистауская область, Мунайлинский район,село Мангистау
тел/факс: 20-34-28
Взрослая регистратура Тел: 20-42-55
Call-centre тел: 8775-682-32-23
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт работает на системе управления контентом «Openspace»
2023 © Все права защищены
ТОО «IMS Service»