Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Жол әліппесі-денсаулық жолы!

Маңғыстау облысының барлық елді мекендерінде 2016 жылдың 1-10 қыркүйек аралығында, «Назар аударыңыз,бағдаршам!» ұранымен жол-көлік жарақатының алдын алу онкүндік акциясы өткізілді.Соған байланысты,қыркүйек айының тоғызы күні СӨСҚО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары,№5 орта мектеп және Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі мен Жол полициясы басқармасының ұйымдасуымен «Жол әліппесі-денсаулық жолы сурет көрмесі» атты шара өтті.Шараның ашылуын Мұнайлы аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шоланова Ж. және №5 мектептің тәрбие жөнінде орынбасары Ағатаева А. салтанатты түрде ашып,шараның басты мақсатын айтып өтті.Шараның мақсаты:балаларға жолда жүру ережелерінің өз өмірлері үшін қажетті екенін түсіндіру және жол белгілерімен таныстыру болып табылады.

Шарада жас суретшілер арасында жарыс өтіп,жүлделі орын иелеріне мақтау қағазы мен сыйлықтар берілді.1-ші орын иегері 4 «ж» сынып оқушысы Бердімұрат Аяулы,2-ші орын иегері 3 «д» сынып оқушысы Өзбегбай Бекжан,3-ші орын иегері 3«ә» сынып оқушысы Қадырбай Толғанай атанды.Сонымен қатар басқада қатысқан жас суретшілерді алғыс хаттармен марапаттады.

Бұл шараның өтілу себебі:мектеп оқушыларына жол ереже түрлерін,жол ережелерін біліп жүру себептерін,сонымен қатар жол ережелері мен бағдаршамның атқаратын қызметін түсіндіру болып табылады.Осыған байланысты жол ереже белгілері,жол әліппесі және бағдаршамның түсіне сай суреттер мен түсіндіру белгілері ұйымдастырылды. Оқушыларға бағдаршамның түстері және жол белгілері көрсетіліп,сұрақ-жауап ойыны өткізілді.Сонымен қатар,№5-ші мектеп оқушылары арнайы бағдаршамға сай киілген киімдермен флэшмоб ұйымдастырды.Өздерінің үлестерін қосып,флэшмоб билеген оқушыларға сыйлықтар таратылды.Шара өте қызықты және жоғары деңгейде өтті.

Жол белгілері

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым салады.

Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген өкінішке қалады.

Демекші,әрқашанда жол ережелері мен бағдаршамның белгілеріне мән беріп,өмірлеріңізге сақ болып жүруіңізді сұраймыз.


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения