Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

БМСКК,ДА орталықтарында «Күйдіргі (сибирская язва) жөнінде түсінік.,«Вирустық гепатиттің алдын алу» семинар

  ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 25 ақпандағы №136 бұйрығы «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларын бекіту туралы; ҚР ҰЭМ 2015 25 ақпандағы № 131 "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын басшылыққа ала отырып, «Күйдіргі ауруының эпидемиологиялық жағдайына сәйкес, алдын алу және сақтық шараларын ұйымдастыру туралы» бұйрығын орындау мақсатында, №86 28.07.2016 ішкі бұйрығы шығарылып және

  ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы бойынша, 2016 жылдың 28 шілде – 28 тамызы аралығында «Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күні» акциясы аясында

  01.08.2016 күні СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандарының ұйымдастыруымен,  Аудандық инфекционист С. Каймуллаев, эпидемиолог дәрігері А. Алибекова  «Күйдіргі ауруының клиникасы, патогенезі, эпидемиологиясы, диагностикасы алдын ал туралы» және «Вирустық гепатиттің алдын алу» тақырыбтарында БМСККО Атамекен, ДА Атамекен-1, БМСККО Басқұдық, ДА Батыр, БМСККО Қызылтөбе, ДА Қызылтөбе-1, Қызылтөбе-2, БМСККО Маңғыстау-5, ДА Баянды, БМСККО Дәулет емханаларында медицина қызметкерлеріне  дәріс жүргізді.

Күйдіргі – жіті жұқпалы ауру. Көбінесе тері жамылғысында көрініс береді, өкпе мен ішектерді сепсис түрінде өтуі – сирек кездеседі. Аурушаңдықтық қоздырғышы – Bacillus anthracis – жоғары температурада қыздырғанда және қарапайым дезинфекциялау құралдарын пайдаланғанда жылдам жойылатын сібір жарасының бацилласы.

  Күйдіргінің белгілері.

Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Тері жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағаттарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, селқос болып, басы аурады. Алғашқы тәулік өткен соң немесе 2-ші күні дене қызуы 39-40 градусқа көтеріліп, халі нашарлайды. Мұндай температура 5-6 күн бойы сақталып, күрт төмендейді.

  Күйдіргінің алдын алу жолдары.

Адамдар мен жануарлар арасында сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы  - жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Дертке қарсы вакцина қолайсыз пунктердегі ауруды тез қабылдағыш әлсіз жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды. Адам ағзасының сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады. Егілген тұлғалар жұмысқы 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға тырысқан жөн. 


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения