Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Дүниежүзілік демікпе күні өткізілді.

Шараның мақсаты:

Адамдардың өз денсаулығына ортақ жауапкершіліктерін қалыптастыруға ықпал ету,  ғаламдық денсаулық мәселесі ретінде демікпе туралы халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру,  бронх демікпесінің жоюға болатын қауіпті факторлары, дәрі-дәрмектерді үйлесімді қолдану, аллергиялық аурулардың уақытында алдын алу және емдеу туралы ақпараттандыру,  темекіден, ішімдіктен бас тартуға дағдыландыру,  жұмыс орындарында салауатты өмір салтын сақтау үшін жағдай жасау.

27.04.2016ж. Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне  «Дүниежүзілік демікпе  күніне» орай,  Бронх демікпесінің алдын алу, салауатты өмір салты қағидаларын сақтау мақсатында, семинар-тренинг өткізілді. Плакаттар ілініп, 50-ге жуық бетшелер таратылды. Қатысқан адам саны- 50.

28.04.2016ж. Мұнайлы ауданындағы  Халық көп жиналатын орындарда  (Маңғыстау вокзалы, супермаркеттер) үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Демікпенің белгілері, алдын алу бойынша плакаттар ілініп, бетшелер таратылды. Қамтылған адам саны – 65.

БарлықБМСККО, ДА мекемелерінде  «3-мамыр  Дүниежүзілік  демікпе күніне» орай, бронх демікпесінің  алдын алу туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында,  емделушілерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, семинар-тренингтер өткізілді.Қамтылған адам саны-75. Таратылған бетшелер саны -90. 

29.04.2016ж. Мұнайлы орталық аудандық емханасында «Ашық есік»  күні өткізілді. Терапевт дәрігері Қ.Нұрқасымова бронх демікпесі тақырыбы бойынша лекция оқыды. 120-ға жуық бетшелер таратылды. Қатыскан адамдар саны-100.

2016 жылдың 3 мамырында«Дүниежүзілік  демікпе күніне» байланысты «Бронх демікпе мектебі» өткізілді.  Терапевт дәрігері  науқастарға бронх демікпесінің жоюға болатын қауіпті факторлары, дәрі-дәрмектерді  үйлесімді қолдану, аллергиялық аурулардың уақытында алдын алу және емдеу туралы айтып өтті және сұрақтарға толықтай жауап берді. СӨСҚПОО мамандары  ақпараттық білім беру материалдармен қамтамасыз етті. Аудандық емхананың сайтында Бронх демікпесінің, мінез-құлық, қауіп қатер факторларының алдын алу жөнінде ақпараттарды жариялады.



Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения