Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

БМСККО Қызылтөбе «Дұрыс тамақтану және дәрумендеу – денсаулық кепілі»

«Мектепте тамақтандыру ісін ұйымдастыруды жетілдіру» бойынша 2016 жылдың 1-10 сәуір күндері аралығында өткен онкүндік ақпарламасы.

 

  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар аясында №2 орта мектепте «Мектепте тамақтандыру ісін ұйымдастыруды жетілдіру» бойынша 1-10 сәуір күндері аралығында онкүндік өтті. Осы онкүндік барысында мектепшілік бұйрық шығарылып, жоспар жасақталып, оқушыларға таныстырылды. Шараға мұғалімдер мен оқушылар белсене ат салысты.

01.04.2016 ж. күні жоспар жасақталып, мектеп директорына бекіттірілді.

02.04.2016 ж. бейнелеу өнері пәні мұғалімі Сапашева Клара «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық» атты сурет көрмесі өтті.

04,05,06.04.2016 ж. күндері  «Мен салауатты өмір салтын қалаймын» тақырыбында диктант алынды. Диктант қазақ (5,7,9,11 сыныптардан) және орыс тілінде (6,8,10сыныптардан) алынды.

07.04.2016 ж. күні мектеп медбикесі Бисенбаева Ұлмекен 8 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану және дәрумендеу – денсаулық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

08.04.2016 ж. күні биология пәні мұғалімі Садыбекова Мөлдір 6 «а» сыныбына «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.

Осы күні мектеп психологы Сисенбаева Гаухар мен әлеуметтік педагог Абдалова Жаңыл аз қамтылған оқушылармен «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Кенжебекова Жұмагүл 5 сыныптар арасында «Көңілді старт» өткізді.

09.04.2016 ж. күні биология пәні мұғалімі Өмірбай Гүлнар  8 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» атты сайыс өткізді.

Осы күні мектеп асханасының қызметкерлері, мектеп, лицей медбикелерімен бірге оқушыларға асханада дайындалатын тағамдардың құрамы, сапасы, пайдасы және олардың қалай әзірленетіндігі  туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Баларға жеміс-жидектер таратылды.


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения