Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Денсаулық - зор байлық "Жайдарман"

Облыс орталығында алғаш рет медицина қызметкерлерінің арасында « Денсаулық - зор байлық » тақырыбында « Жайдарман » көңілді тапқырлар  ойыны өтті.  Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай « 25 игі іс » жоспары аясында және 7 - сәуір  денсаулық күніне  орай  өткізілген жайдарман ойындарына барлығы жеті команда қатысып, бақтарын сынады.

- Бүгінгі жарысқа қолдау көрсеткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Фаризунұлы, ұйымдастырушы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы, демеушілік көрсетіп отырған облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы. Сонымен қатар, залды тегін беруге көмектескен « Арман » жастар орталығының басшылығына алғыс айтамын. Сайыста командалар « Сәлемдесу », « Сұрақ-жауап », « Үй тапсырмасы » бойынша бақтарын сынайтын болады. Бүгін біздің мекеме 18 жасқа толып жатыр. Сондықтан да осы шара үлкен жұмыстардың алды деп есептеймін, - деген облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры Нұрсұлу Мұхамедиярова алдағы уақытта медицина қызметкерлерінің арасында « Не? Қайда? Қашан? » инттелектуальды ойыны өтетінін айтты.

Сайысқа Маңғыстау облыстық ауруханасының командасы,  Ақтау қалалық  № 1 емханасының « Н2О » командасы,  Ақтау қалалық  № 2 емханасының « Емхана жұлдыздары » командасы, облыстық психоневрологиялық диспансерінің « Сезім » командасы, облыстық наркологиялық диспансерінің « Анти Спайс » командасы,  Жаңаөзен құрама командасы « Адреналин » командасы, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы « Жүрек » командасы қатысты. Олардың өнерін облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ақмарал Измуратова, облыстық ғылыми - әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Злиха Сапарова, медицина ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Кузанов, « Ақтау қалалық жастар орталығы » мәдени - демалыс кешені » директорының орынбасары Дәулет Cағынтаев, облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері Камиль Будайчиев бағалады. Кеште командалар қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп, әзілмен түйреді. Әзіл - шыны аралас тақырыптар арасында көбінесе қоғамдық мәселелер қазақ тілінің қазіргі жағдайы, ақылы медицинаның кемшін тұстары, шет елдік дәрілердің жарымжан жарнамасы, экология, жең ұшына жалғасқан жемқорлық көтерілді. Тартысты өткен сайыс көрерменнің көңілінен шығып, керемет көңіл - күй сыйлады.

- Жайдарман ойыны алғаш рет ұйымдастырылып отырса да, біздің көңілімізден шықты, қатысушы командалар әдемі кеш сыйлады. Барлық командалардың дайындығы жақсы, барлығы да жүлделі орынға лайық өнер көрсетті. Жасыратыны жоқ еліміздегі әзіл театрлары әртістерінің басым көпшілігі медицина қызметкерлерінің жұмысын үнемі сынға алып, әзілдеріне арқау етіп жатады.  Біз оған ешқандай ренжімейміз, өйткені ондай қателіктер, жағдайлар кез - келген адамның басында болып жатады. Қанша жерден сын айтса да, қиғаш пікірлер білдірсе де, басы ауырып, балтыры сыздаған, жаны қиналған әрбір адам еміне шипа табу үшін ең алдымен біздің алдымызға келеді. Олай болса, ақ халатты абзал жандар осындай пікірлерге қарамай еңбек етіп жүрген баршаңызға қызметте абырой,  жұмыстарыңызға жеміс тілеймін. Бүгінгі сайысқа қатысушы барлық командалардың жетекшілеріне, қолдаушыларына алғыс айтамын, - деді шарада сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ақмарал Измуратова.


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения