Государственное коммунальное казенное предприятие

Мунайлинская районная больница

Официальный интернет-ресурс

Приложение Health City для:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Главная

Құтырудың алдын-алу шараларын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму Вице-министрінің 04.02.2016 жылғы №05-1-32/668 хатына сәйкес, Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 12.02.2016 жылғы №42 бұйрығы негізінде жұқпалы аурулардың, соның ішінде құтырудың алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында, 25.02.2016 күні сағ 14.00- де «Мұнайлы аудандық орталық аурухана Хирургия бөлімінде» Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының қатысуымен, эпидемиолог  дәрігері Басбаева Жайна Жарылқасовна  «Құтырудың алдын-алу шараларын жүргізу туралы» тақырыбында  медицина қызметкерлеріне және науқастарға семинар ұйымдастырып өткізді.

Қатысқан адам саны – 20

Құтырған, құтыруға - деген күдік бар жабайы немесе белгісіз жануарлармен жанасудан немесе олар тістеп алған кейін жұқтыру қаупі туғанда медициналық көмекке  жүгінген зардап шегушіге шұғыл көмек түрі  травматологиялық немесе хирургиялық бөлмелерде жүргізіледі,сонымен қоса жауапты дәрігерлер антирабиялық көмек көрсетеді.

  Жарақат  немесе сілекейленген жерлерді жұқтыру қаупі туған жадайда жасалу керек:

1.  Жараларды (тістелулерді, тырналуларды,соғылуды) және сілекейленген жерлерді өңдеу тез арада  тістелуден немесе зақымданудан кейін мүмкіндігінше  ертерек басталуға тиіс. Ол бірнеше минуттың ішінде (15минутқа дейін)жара бетін сабынды сумен немесе басқадай жуғыш затпен  мол көлемде шаю қажет. Сабын (хоз.мыло) немесе детергент болмаған жағдайда су ағынымен шайылады. Одан кейін жараның шеттерін 70% спиртпен  немесе 5% сулы-спиртті йод ерітіндісімен өңдеу керек. Мүмкіндігінше жараны тігуден аулақ болу керек.

2.  Жараны тігу мынадай жағдайларда:

-ауқымды жараларда-жараны алдын ала өңделгеннен кейін бірнеше жапсырма тігістер салу.

-сыртқа қан кетулерді тоқтату мақсатында қан ағып тұрған тамырларды тігу көрсетілімде.

-Жараларды жергілікті өңдеуден кейін дереу емдеу алдын алу иммунизациясын бастайды.

3.  Зақымдалған тері қабатына сіреспенің алдын алу препаратының нұсқаулығына сәйкес  шұғыл алдын алу жүргізу.

4.  Зардап шегушіге антирабиялық вакцина алу үшін егу кабинетіне жолданады.

5.  №058/е нысанды үлгідегі "Инфекциялық ауру, тамақтан, кенеттен кәсіби улану, екпеге әдеттегіден бөлек реакция болғаны туралы" шұғыл хабарламаны аудандық ТҚҚБ-на телефонмен хабарлау.

6.  Әр жағдайдан кейін  №045/е нысанды " Құтырмаға қарсы көмек алуға келгендер" картасына тіркеледі.

7.  Ветеринарлық қызметтен жануардың денсаулық жағдайы туралы анықтамалары негізінде, әрбір зардап шегушінің егу курсы нақтыланады.

8.  Екпеден  бас тартқан кезде, немесе өз бетінше үзген жағдайда зардап шегушіге қажетті профилактикалық емдеу шараларын жүргізу. Толық курсын жүргізілуін қадағалау.

9.  Құтырмаға қарсы профилактикалық егулерді тіркеу,есепке алу, екпеден кейінгі асқынулар,  құтыру ауруына күдік болғанда есепке алу нысандары: №045/е нысанды картасы " Құтырмаға қарсы көмек алуға келгендер ". №025/е нысанды "Амбулаторлық пациенттің  медициналық картасы" және №060/е нысанды  "инфекциялық ауруларды тіркеу" журналы.

Ескерту: Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету бойынша антирабиялық вакцинация жүргізіледі,яғги антирабиялық иммуноглобулин стационарлық жағдайда жасалады.


Информационные ресурсы
  • Сахарный диабет 2023г 
  • Артериальная гипертензия 2023г 
  • Бронхиальная астма 
  • Ишемическая болезнь сердца 2023г 
  • Старение 2023г 
  • Инфекционные заболевания 
  • Инсульт 2023г 
  • Травма 2023г 
  • Женские болезни 2023г 
  • Алкоголизм 2023г 
  • Информация о "гриппе" на 2023 год 
  • Урологическая патология 2023г 
  • Информация о "подготовке к рождению ребенка" на 2023 год 
  • Расстройства психики 2023г 
  • Информация о "курильщиках табака и вредных веществ" на 2023 год 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения