Отбасын жоспарлау – біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Көптеген жылдар бойы отбасын жоспарлау – бала тууды шектеу деген түсінікті білдірді. Бірақ отбасын жоспарлау – армандап күткен, денісау баланы дүниеге келтіру үшін еркек пен әйелденсаулығын сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз.
Репродуктивтік денсаулық – адамның ұрпақ әкелетін дене мүшелерінің және функциясының ауру мен сырқатсыз болуы ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы.
Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы бойынша емханада,барлық БМСКК орталықтарында, дәрігерлік амбулаторияларда босану жасындағы әйелдер арасында «Жанұяны жоспарлау және Жас ана мектебі» жұмыс жасайды. Соның ішінде Атамекен-1 Дәрігерлік-амбулаториясында «Жанұяны жоспарлау және Жас ана» мектебі 2016 жылы маусым айынан бастап ашылды. Бүгінгі таңда дәрігерлік амбулаторядағы жалпы есептегі 212 жүкті әйелдердің барлығы мектептің сабақтарына тіркеліп кеңес алуда. Жүкті әйелдер негізінде жүктіліктің 4 мерзімінде сабаққа қатысады. Сабақтар тақырыбы: 1 Құттықтаймыз! Сіз жаңа ұрпақ күтудесіз. 2. Кіп-кішкентай нәресте өсуде 3. Босану уақытына дайындық. 4. Перзентхананың сапарына дайынбыз ба? Мектепте ұдайы «Жанұяны жоспарлау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары барысында акушер-гинеколог,жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелер және психолог маманның жас аналарға кеңестер өткізілуде. Бейнематериалдар мен слайдтарды қолдана отырып, репродуктивті денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығына, оның гигиеналық талаптарына, ағзадағы горманалдық өзгерістер, жоспарланбаған жүктіліктен сақтануда контрацептивті препараттарға қарағанда табиғи жолының тиімділігіне, жасанды түсік тастаудың ағзаға тигізер зардаптарына, болашақ отбасын жоспарлаудың мәніне терең тоқталып өтуде. Жас аналарға перзентханаға босануға дайындық сумкасы таныстырылып, аналар сұрақтарына толық жауап ала алады.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.