МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

Темекі мен ішімдіктің зияны

                                               Темекі мен ішімдік

Темекі – заңды түрде қолдануға болатын есірті түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал, және алколоидтер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30-дан астам улы заттар бар. Темекі шегу – денсаулыққа зиянды әсер ететін ең көп тараған зиянды әдеттердің бірі. Темекі түтінінің ең зиянды бөлігі – никотин. Никотин миға темекіні тартқаннан 8 секундтан кейін келіп түседі. Әрбір тартылған темекі өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылымқорлардың  шеккен спайстар, микстер мен легалкаларының түтінінің зияны мынадай қауіп-қатер тудырады:

- үнемі түтінмен демалғаннан дауыстың қарлығып, жөтел пайда болады, ауыз қуысының, көмей мен бронхтың обырын тудыру мүмкін

- темекі түтінінің әсері көздің жасын ағызады, ол бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.

-  шылымдық қоспалардың улы әсері жүректі айнытуы, құстыруы, артериялық қысымды жоғарылатуы, жүрек қағысын жиілетуі, құрысу мен ес жоғалту және т.б. жағдайлар туғызуы мүмкін

-  шылымдық қоспаларды тұтыну психологиялық аурушаңдыққа, мүгедектікке алып келеді.

Темекіні тастау арқылы ағзада мына өзгерістер болады:

• 20 минуттан кейін

артериялық қысым төмендеп, тамыр соғысы қалпына келеді

• 8 сағаттан кейін

  қандағы көміртегі тотығының деңгейі төмендейді

  қан құрамындағы оттегі қалыпты деңгейге дейін жоғарылайды

• 24 сағаттан кейін

жүрек ұстамасы қаупі төмендейді

• 48 сағаттан кейін

дәм мен иіс сезу қабілеті артады

• 2-12 аптадан кейін

қан айналымы жақсарады

  өкпе қызметі жақсарады

• 1-9 айдан кейін 

  жөтел, мұрынның бітелуі мен шаршау және алқынып дем алу азаяды

• 1 жылдан кейін

  Ишемиялық жүрек ауруымен ауру қаупі 2 есеге төмендейді

• 5 жылдан кейін

  ауыз қуысы, көмей мен өңештің сілемейлі қабығының обыры қаупі 2  

  есеге қысқарады, инсульт қаупі ешқашан темекі шекпеген 

  адамдағыдай төмендейді

• 10 жылдан кейін

  өкпе обырымен ауыру қаупі 2 есеге төмендейді

Ішімдік – жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына зор нұқсан келтіреді. Спиртті ішімдіктерді пайдалану қоғамға, мемлекет экономикасына, отбасына және адамның өзіне зиян келтіреді. Ішімдік адам ағзасында мынадай зиянды, қауіпті аурулар тудырады:

- Ішімдік ауыз, өңеш жұтқыншақ, кеңірдек, асқазан ішек рактары мен тері рагына және қалқанша безі, сүт безі  рагына әкеліп соқтырады.

- Бауырды езеді

- Жүрек жұмысы нашарлайды

- Ақылдан адастырады

- Иммунитет төмендейді

- Тамырларды тартады, қуысын бітейді

- Астың қорытылуы азаяды

- Кемтар ұрпақты дүниеге келтіреді және т.б ауруларға ұшыратады.

Ішімдік адамның әртүрлі мүшелерінің жасушалары мен жүйелеріне қатты әсер етеді, сондықтан оның денсаулығы нашарлап, өмір ұзақтығын қысқартады.

Оқушыларға темекі мен ішімдіктің зияны туралы және оны қолданбау туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Емхана психологі Борамбаева М.Н № 8 орта мектеп. №2 орта мектеп, №5орта мектеп т.б мектептерде семинар, сұрақ- жауап,түсіндіру жұмыстары жүргізді. Сондай-ақ оқушыларға тренингтер, ойындар ойнатылды.


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения