Дене шынықтыру белсенділігін арттыру арқылы жеке бас денсаулығын сақтау және нығайту үшін ортақ жауапкершілікке қоғамдастықтың, қалың бұқараның назарын аудару мақсатында, «Денсаулық фестивалі» аясында 2017 жылғы 9 қыркүйек күні Ақтау қаласында «Жүру – зиян емес. Жүрмеу - зиян» ұранымен жаяу жүру марафоны өтеді.
Салауатты өмір салтын ұстануға оқушылар мен студенттерді, ұйымдасқан еңбек ұжымдарын, ардагерлер мен зейнеткерлерді, барлық белсенді өмірді ұстанатындарды шақырамыз.
Жеңімпаздары бағалы сыйлықтар күтеді.
Шара аясында ұлттық ойындар сайысы, концерттік бағдарлама және де тегін медициналық тексерістер ұйымдастырылады.
Марафонға қатысуға ниет білдірушілерден ұйымдастыру комитетіне хабарласуды сұраймыз.
Марафон өз бастамасын 15 ш/а. ЖК "САМАЛ" жанан бастайды, тіркелу уақыты - сағат 08-00 ден басталады.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының
баспасөз қызметі тел: (40-01-09,33-27-22, 40-59-09)
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.