МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

"Мұнайлы аудандық орталық емханадағы министрмен кездесу"

17.02.2017 жылы ҚР ДСМ Елжан Біртанов іс-сапармен Маңғыстау облысына келді. Елжан Амантайұлы ең алдымен Мұнайлы ауданындағы  орталық емханаға  арнайы келіп,  жұмыс барысымен танысты. Мұнайлы аудандық орталық емханадағы кездесуге министрмен бірге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары –С.Алдашев, Б.Нұрғазиева және Денсаулық сақтау басқармасының басшы құрамы қатысты. Аудан құрылғаннан бері 2007 жылы – 40 мыңнан астам тұрғыны болса, бүгінде 140 мыңды құрайды. Халық санына сәйкес, ауданның денсаулық сақтау саласы  68 телімге қызмет көрсетеді. Оның 38-і  жалпы тәжірибелік дәрігерлермен қамтылған. 2015 жылы ауданда 4493 сәби дүниеге келсе, былтыр – 4516 нәресте дүниеге келген. Мұнайлыда 1 орталық аурухана, 1 орталық емхана, 4 БМСККО және 6ДА бар. Министр жұмысымен танысқан Мұнайлы аудандық орталық  емханасы 2013 жылы халыққа пайдалануға берілген.  Мұнда аудан тұрғындарына  54 дәрігер , 77 орта буын медицина қызметкері қызмет етеді. Емханада 9 педиатр-дәрігер  тұрақты балалар  денсаулығын қадағалайды. Емхана заманауи құрылғылармен, клиникалық зертханамен  жабдықталған. Сонымен қатар,  аталған емдеу-сауықтыру мекемесінде жүктілікті жоспарлау, ерте жастағы балаларды тамақтандыру бойынша  ресурстық орталық, жастар орталығы бар. Министр өз кезегінде емханананың жұмысына оң баға беріп,  міндетті әлеуметтік мидициналық сақтандыру бойынша  түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Мұнайлы аудандық денсаулық сақтау ісінің үйлестірушісі Айдарбек Шыршықбаев  халық санының көбеюіне байланысты  қосымша 1 орталық аурухана  қажеттілігі туындап тұрғанын , биыл-жобалық сметалық  құжаттарды жинақтап, министрлікке жолданатынын жеткізді. 


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения