Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сай, 2016 жылы 20 қазанда Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында орналасқан жастар орталығында 10 сынып оқушыларына шара өткізілді. Шара Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы және СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдасуымен өтті. Тақырыбы: «Алкогольге «ЖОҚ» -де!». Қатысушылар саны: 20.
Шара барысында Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының психиатр дәрігері Г.Б.Айтжанова оқушыларға темекі мен алкогольдің ағзаға зияны және дәрігер гинеколог М.А.Сарсенова жүктілік туралы түсіндіріп өтті. Шара барысында оқушыларға арнайы көзілдірік кигізіліп, эксперимент жасалды,оқушылармен сұрақ – жауап ойыны өткізілді және арнайы муляждар көрсетілді. Шара соңында оқушылар бірнеше сұрақ қойып,жауаптарын алды.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.