МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Государственные
символы

  • Басқы бет

5 жасқа дейінгі балаларды дұрыс тамақтандыру және психикалық дамуын қадағалау

2016 жылы 29 қыркүйекте Мұнайлы орталық аудандық ауруханасына  ЮНИСЕФ немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры өкілінің орынбасары Фиакра Макаси,халықаралық ынтымақтастық бойынша үйлестірушісі Хуан Малгор, аймақ аралық бағдарламаларды ұйымдастырушы Умит Кажгалиева және Маңғыстау облысындағы  БҰҰ жанындағы балалар қорының үйлестірушісі Айдана Сариева келді. Кездесудің мақсаты: Мұнайлы ауданы орталық емханасында ЮНИСЕФ қолдауымен іске қосылған «Ата-аналарға арналған ерте жастағы балаларды дамыту және тамақтандыру ресурстық орталығы» жұмысына мониторинг жасау .  Ресурстық орталық медбикесі Алдонгарова Г. 6 айлық және одан жоғары балаларға тамақ дайындау,оны пісіру,қандай тамақтарды беруге болатынын,беруге болмайтын және балалардың ағзасына әсер ететін тамақтар туралы түсіндірді.Медбике келген аналарға тамақты дайындап көрсетіп,жасалған ботқаның 3 түрлі тағамнан кем болмау керектігін айта кетті.

  Кездесуде ресурстық орталықта кеңес алуға келген ата-аналармен пікір алмасу болды.  Сөз барысында бірнеше сұрақтар қойылып, оған жауап берілді. Сөз барысында келген қонақтар ата-аналарға бала үшін дұрыс тамақтану дамуына жақсы әсер ететінін түсіндірді.Ата-аналар келген қонақтарға,аудандық ауруханаға және аурухана педиатрлары мен медбикелеріне алғысын білдірді. «Дені сау сәби» кабинетінде  медбикес Хайтжанова Б.  балалардың дамуы, оларды бақылау және балалардың психикалық дамуын әртүрлі жастағы балаларға арналған ойыншықтармен қалай тексеретіндігін көрсетті.Медбикеге бірнеше сұрақтар қойылып, оң нәтижелі жауап алынды. Балаларға аудан бойынша қамқорлық көрсетілуі, дамуына ықпал жасалуы және балалармен жұмыс жасау  қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланды.


Информационные ресурсы
  • 2023жылғы "Қант диабеті" туралы ақпарат. 
  • 2023жылғы "Артериалдық гипертензия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Бронхтық атопиялық демікпе" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жүректің ишемиялық ауруы" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Қартаю" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жұқпалы аурулар" туралы ақпараттар 
  • 2023жылға арналған "Инсульт" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Жарақат" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Әйелдер аурулары" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Дипсомания" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Грипп" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Урологиялық паталогия" туралы ақпарат 
  • 2023жылға арналған "Нәрестелі болуға дайындық" туралы ақпарат 
  • Информация о "психологии" на 2023 год 
  • 2023жылға арналған "Темекі және зиянды заттар шегушілер" туралы ақпарат 
Перейти к списку ресурсов здравоохранения