23.09.2016 жылы сағат 9:00 Маңғыстау-5 тұрғын үй массивінде орналасқан №8 орта мектепте сағат 11:30 Маңғыстау селосында орналасқан №1 орта мектепте 7-11 сынып оқушылары арасында кезекті кездесу өтті.Кездесуге жауаптылар:Білім бөлімі,мектеп директоры,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
Кездесу тақырыбы:«Құқық бұзушылық, қаңғыбастық, нашақорлық,суицид,жыныстық тиіспеушілік,зорлық-зомбылық,ерте жүктіліктің алдын-алу».Мақсаты:жасөспірімдерге тақырыпқа байланысты жағдайларды түсіндіру және сол жағдайлардан сақ болу.Аудандық білім бөлімінің бас маманы Сатыбалды Б. оқушыларға кездесу тақырыбын және мақсатын айтып өтті. Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция тобының полиция мойоры Сарсенбаева Ж. ауданымыздың жасөспірімдері арасындағы қылмыс пен қаңғыбастық туралы айтты.Маңғысту-5 орналасқан дәрігерлік амбулаториясының акушер гинекологы Пирниязова З. ерте жүктілік,оның ағзаға зияны және түсік тастау туралы түсіндірді.Келесі сөз кезегі педиатр Кенжебаева С. берілді,ол есірткі және оның әсері туралы айтты.Ауданымыздың ақсақалы Мұрыншықов А. өз кезегінде оқушыларды имандылық пен адалдыққа шақырды.Кездесу соңында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өнер және спорт үйірмелеріне қатысатын оқушылар санын айтып,келген қонақтарға алғысын білдірді.
e-mail: obl_hospital@list.ru
© 2025 Все права защищены и сохранены. Государственное учреждение «Мунайлинская центральная районная больница».
При использовании материала из сайта ссылка на источник обязательна
Сайт "OpenSpace" контентті басқару жүйесінде жұмыс істейді.
2023 © Барлық құқықтары қорғалған.