Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Қызылшаға қарсы вакцина

   15-19 жасқа дейінгі адамдар арасында «Қызылшаға қарсы қосымша иммундау».

Қызылша ауруы — Жедел ауа-тамшы жолмен берілетін вирусты жұқпалы ауру.Қызылша вирусы адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді, онда көбейіп, қанға енеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік майын зақымдайды. Ауру тек науқас адамнан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады.  

Қызылша асқынуларымен қауіпті, олар – ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхының, ми қабықтарының қабынуы, яғнисоқырлық, құлақ инфекциялары секілді ауруларға әкеп соғады.Кез келген асқынудан ауру өліп кетуі мүмкін. Мәселен, Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымының(ДДСҰ)мәліметтері бойынша  2000-2013 жылдар аралығында иммундау (қызылшаға қарсы егу)жеделдетілген шаралар дүниежүзінде  балалардың қызылшадан болатын өлім-жітім деңгейін 75%-ға (2000 жылдағы 544 200 өлім-жітім оқиғасынан 2013 жылы 145 700 оқиғаға дейін) төмендеткен. 2013 жылы әлемде балалардың 84%-ға жуығы тұрақты медициналық қызмет көрсету барысында бір жыл ішінде қызылшаға қарсы вакцинаның бір реттік дозасын алған.

Қызылшамен барлық жастағы адамдар ауруы мүмкін, ауырған адамдарда жұқпадан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.Науқасқа дәрумендерге бай, құнарлы тамақ жеп, сұйықтықты көп ішу керек. Науқас және ауырған үйдің балалары бала бақшаға, мектепке, саябақтарға, басқа да қоғамдық орындарына баруына болмайды. Шағымына байланысты жазылғанша оқшауланып, дәрігер бақылауында болуы қажет.

  Аудан тұрғындарының қызылша ауруымен аурушаңдығы 2015жылы 2014жылға қарағанда жоғары, яғни эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз болып отыр.Аурушаңдық 1-жасқа дейінгі балалар, 15-19жас  және 20-29жас аралығында, 30жастан асқан тұрғындар арасында тіркелген. Вакцинация жасау үшін нысаналы топтар ретінде барлық 16 өңірде 15-19 жастағы жасөспірімдер мен жастар алынып отыр. Науқан шеңберінде осы жастағы 1,2 миллион адамның кемінде 80%-ын қамту жоспарлануда. Дәл осы жас тобында Қазақстандағы қызылша ауруының 50%-дан аса оқиғасы кездескендіктен, аталған топ осал әрі қызылшаны жұқтыруға сезімтал топ ретінде анықталған.

Бұл аурулардан сақтанудың және алдын алудың ең басты әрі сенімді жолы – ВАКЦИНАЦИЯ. Қызылшаға қарсы вакцина 50 жыл бойы қолданылып келеді. Елге жеткізіліп жатқан вакциналар ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің халықаралық сапа стандартына жауап береді, қолдану үшін қауіпсіз әрі тиімді болып табылады. Қазақстанда вакцинация тегін жүргізіледі.

ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, вакцина 9 айдағы және 6 жастағы балаларға егіледі.  Республика бойынша  2015жылдың қазанынан бастап, Қызылшаға қарсы қосымша иммундау науқаны 15-19 жасқа дейінгі адамдар арасында жүргізілуде. 1-12қазан аралығында ауданда 350 адам қызылшаға қарсы екпе алды, олардың ішінде бірде-бір қолайсыз реакциялық  жағдай тіркелмеді.

Қадірлі ата-аналар! Сіз қызылшаның қаншалықты қауіпті екендігін және олардың алдын ал алуға болатындығын түсінген шығарсыз деген сенімдеміз.

Есте сақтаңыз! Егуден бас тарта отырып, Сіз өте ауыр асқынулары бар, тіпті өліп кету қаупі жоғары ауруды таңдағаныңыз

Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы аудандық терапевт-Рысбекова Л.Т;

 эпидемиолог-Басбаева Ж.Ж