Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 6 шы жұлдызында СӨСҚООММ Мұнайлы
аудандық филиалы, "Мұхамбет" медицина орталығы жəне Мұнайлы орталық
аудандық емхана медицина орталықтары бірлесіп, Қызылтөбе -1 ауылындағы
13 мектеп гимназиясында 2018 жылдың 15 қараша мен 15 желтоқсан
аралығында "Өз мəртебеңді біл" атты ұранымен 1 желтоқсан Дүниежүзілік
ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай іс-шаралар өткізілді. Шарада эпидемиолог
дəрігері А.Алибекова ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдары жөнінде
айтса, Г. Жиенбаева ақпараттық танымдық құралдарды таныстырып, қауіп
қатер факторлары жөнінде айтты. Сонымен қатар биология пəнінің
мұғалімдері оқушыларға қызықты тренингтер жүргізіп, практикалық жүзінде
эксперимент жасап, "Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?" тақырыбында сауалнама
жүргізді.