Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік
бағдарламасының іс шара жоспарын орындау аясында, 2018 жылдың 15 қараша күні Шылым шегуден бас тарту халықаралық күніне арналған "Шылым шегуді тастау үшін керемет күн" ұрандарымен халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында
БМСККО Атамекен ұйымдастыруымен, Атамекен ауылындағы №7 орта мектепте 14.11.2018ж дәріс өткізілді. Психолог маманы Г.Жамалова оқушыларға шылымның зияндылығы тақырыбында түсініктер айтып өтті. Сонымен
қатар №7 жалпы білім беру орта мектебінде «Менің таңдауым – салауатты өмір
салты» тақырыбында оқушылар арасында сынып сағаты жүргізілді. Денсаулық
бұрышы жасақталып, ақпараттық ағарту материалдары таратылды. Қатысқан оқушылар саны – 46.