Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Маңғыстау-5 мекенінде орналасқан, №8-ші жалпы білім беретін орта мектебінде 6 "Б" сынып оқушылары арасында, "Қозғалыста болу-денсаулықтың кепілі" және "Білгеніңіз-ұзақ өмір сүргеніңіз" атты тақырыптар бойынша арнайы шара өткізілді

           Ағымдағы жылдың, қазан айының жиырма бесінші жұлдызы күні, Маңғыстау-5 мекенінде орналасқан, №8-ші жалпы білім беретін орта мектебінде 6 "Б" сынып оқушылары арасында, "Қозғалыста болу-денсаулықтың кепілі" және "Білгеніңіз-ұзақ өмір сүргеніңіз" атты тақырыптар бойынша арнайы шара өткізілді.

          Шараның жалпы мақсаты: Дана халқымыз, басты жеті байлықтың ең алғашқысы: "Бірінші байлық-денсаулық" деп білген. Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау қажеттігін түсіндіру. Спорт пен дене шынықтырудың маңызы туралы түсінік бере отырып, сабақ барысына қимыл-қозғалысты енгізу. 

          Шара барысында, оқушылар арасында ақпараттық-ағарту материалдарын қолдана отырып, тәжірибе жүзінде көрсетіліп, толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 


          Қамтылған жалпы адамдар саны: 23.


          Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

          25.10.2018 жыл.