Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Қызылтөбе-2 дәрігерлік амбулаториясында, аға дәрігер: Қаратуреев Марат Қарымсақұлы мен психолог маманы: Б.Ю.Исламгазиеваның ұйымдастыруымен, медициналық қызметкерлер арасында "Инсультсіз өмір" атты семинар сабағы өткізілді

              Ағымдағы жылдың, қазан айының жиырма алтыншы жұлдызы күні, Қызылтөбе-2 дәрігерлік амбулаториясында, аға дәрігер: Қаратуреев Марат Қарымсақұлы мен психолог маманы: Б.Ю.Исламгазиеваның ұйымдастыруымен, медициналық қызметкерлер арасында "Инсультсіз өмір" атты семинар сабағы өткізілді.

              Семинар сабақтың негізгі мақсаты: Жалпы, "Инсульт" ауруының алдын жолдарын үйрету және бастың қан айналым жүйесінің, жедел бұзылысының  нәтижесінде, бас миының әртүрлі бөлімдері қызметінің бұзылуы туралы ақпараттандыру.

              Семинар барысында, Жалпы тәжірибелі дәрігер: А.А.Оразбай, "Инсульт" атты тақырыбы бойынша толық мағлұмат бере отырып, аурудың алдын алу жолдарын түсіндіре өтті. 

          

              Қатысқан тұрғындар саны: 16.

 

             Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

             26.10.2018 жыл.