Ағымдағы жылдың, қараша айының екінші жұлдызы күні, Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығының, Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Мұнайлы орталық аудандық емханасында "Дүниежүзілік инсульт күніне" байланысты денсаулық мектебінде семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты: Тұрғындарға "Инсульт" ауруының алдын жолдарын үйрету және бастың қан айналым жүйесінің, жедел бұзылысының нәтижесінде, бас миының әртүрлі бөлімдері қызметінің бұзылуы туралы ақпараттандыру.
Сонымен қатар, семинар барысында, кардиолог дəрігері: Янгибаева Гүлмира Хабибқызы, емделушілерге толықтай ақпарат беріп, ақпараттық ағарту материалдары таратылды.
Қатысқан тұрғындар саны: 5.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
02.11.2018 жыл.