Игі дәстүрге айналған бастамалардың бірі – «Денсаулық фестивалі». 2015 жылдың 5 қыркүйек күні Мұнайлы ауданы әкімдігі жанындағы алаңда "Денсаулық фестивалі 2015" шарасы кең көлемде атап өтілді. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – қарапайым тұрғындарды спортқа тарту. Саламатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алу – денсаулық негізі екенін түсіндіру. Сенбі күні облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйытқы болуымен «Денсаулық фестивалі» аясында өткізілген кең көлемді акция «Салауатты өмір салтын ұстан» деп аталды.
Акцияда бір уақытта көпшілік жиналып, дене жаттығуын жасады, концерттік бағдарлама тамашалады және түрлі спорттық ойында ойнатылды. Сонымен қатар аудан тұрғындары дәрігерлерден медициналық кеңес алды.
Ұйымдастырылған шараны Мұнайлы ауданы әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасы басшысының м.а Оралбаева Клара Әдіғаппарқызы өз кезегінде «Саламатты Қазақстан-2015» Мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар жасалып, межелеген көрсеткіштерге қол жеткіздік. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қанатты сөзге сай, денсаулықты сақтаудың бір жолы – профилактика екенін ескерсек, тұрғындар алдын ала тексеріліп, маманның ақыл-кеңесін алып тұрғаны пайдалы.» - деп, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы денсаулық саласының дамуына үлес қосқан бірқатар Мұнайлы аудандық мемлекеттік мекемелердің басшыларын құттықтап, «Алғыс хат» табыстады.
Маңғыстау облысы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры м.а.Н.Мухамбетярова шараның маңыздылығы туралы сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын ұстанып жүрген азаматтар мен мекемелерге номинациялар бойынша марапаттады.
Алаң ортасына фестивалге қатысушылар сап түзеп жаппай дене шынықтыруға қатысты. Арасында жасы 70-80 келген атамызда бар. Содан кейін, ауданымыздағы спорт мектептерінің түлектері өз өнерлерін көрсетті. Спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол, түрлері бойынша, сондай-ақ, арқан тартыс, күш сынау сияқты ұлттық сайыстардан жарыстар өткізілді. Жалпы, додаға түскендері бар, жай жанкүйер ретінде қызықтағандарын қоса есептегенде шараға ауыл тұрғындары мен қонақтар тартылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әкімшілік пен демеушілердің дипломдары мен сыйлықтары тапсырылды.